сенбі, 22 маусым, 2024 14:43

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

5 жылға сотталған Мейіржан Төребаев отбасына оралды

5 жылға сотталған Мейіржан Төребаев отбасына оралды
Сурет:Видеодан скриншот
Ол қысқа мерзімді демалысқа шыққан.

Мейіржан Төребаев Павлодар түрмесінен Алматыға қысқа мерзімді демалысқа келген. Бұл туралы вайнердің әйелі Дана Есеева Instagram парақшасында жазба жариялап, видео жүктеген,- деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Видеодан Мейіржан Төребаевтың балаларымен қауышып, мәре-сәре болып отырғанын көруге болады. 

«Мейіржанға  заң бойынша қысқамерзімді демалыс беріледі. Бүгін үйге келді. Балалар қуанып, риза болып жүр. Әкеміз жақын арада тағы да Павлодарға кетеді. Жалғыз ұлын зарыға күткен анасының жүрегі тыныштық тапты. Мейлі аз уақытқа болса да",- деп жазды Дана Есеева.

Еске салайық, Мейіржан Төребаев өткен жылы Mudarabah Capital қаржы пирамидасы схемасына қатысы бар деген айыппен 5 жылға сотталған болатын.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар