Жаңалықтар
50 миллион теңгеге орнатылған пандустар талапқа сай емес
- авторjambylinfo.kz
- 16 ақпан, 2021
- 617

50 миллион теңгеге орнатылған пандустар талапқа сай емес
«Nur Otan» партиясының облыстық филиалы «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы шеңберінде Тараз қаласындағы қоғамдық көліктер мен аялдамалардың мүмкіндігі шектеулі жандарға қаншалықты қолайлы екендігін зерделеді.
Партиялық бақылау комиссиясы мен жұмысшы топтың мүшелері жүргізген зерделеу барысында аялдамалардың бірде-біреуі қоларбаға таңылған жандарға бейімделмегендігі анықталды. Сонымен қатар, көзі нашар көретін жандарға арналған арнайы белгілер де қойылмаған.
Осыдан төрт-бес жылдай бұрын 25 аялдамаға пандус орнатылған. Алайда бетоннан құйылған аялдамалардың ешбірі талапқа сай емес. Арбадағы адам оған өздігінен шыға алмайды. Тараз қаласы əкімдігінің тұрғын-жай коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі жəне автомобиль жолдары бөлімінің мамандарының айтуынша, осы 25 аялдамадағы пандусқа қазынадан 50 миллион теңге бөлінген. Күлеміз бе, жылаймыз ба?
Төлеби Балтабаев.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Мемлекет басшысы алдағы Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
- авторСадуақас Айсұлу
- 4 шілде, 2025
Жаңалықтар
Елорда күніне байланысты ХҚКО-лар уақытша жұмысын тоқтатады
- авторСадуақас Айсұлу
- 4 шілде, 2025