жұма, 5 желтоқсан, 2025 13:21

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

6 жасқа толған балалардың балабақшада қалуына мүмкіндік берілді

6 жасқа толған балалардың балабақшада қалуына мүмкіндік берілді
Фото: primeminister.kz
Бұл туралы Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов өзінің Telegram-арнасында жазды.

Мәжілістің бүгінгі жалпы отырысында мәдениет пен білім саласына қатысты заң жобасы екінші оқылымда қаралды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Заң жобасында бірнеше маңызды мәселе қамтылған. Соның бірі – алты жасқа толған балаларды балабақшадан бірден шығармай, мектепке барғанға дейін сол мекемеде қалдыруға мүмкіндік беру.

Асхат Аймағамбетовтың айтуынша, қазіргі кезде жиі кездесетін проблема – бала 6 жасқа толған күні-ақ балабақшадан шығарылып, ата-аналар қиын жағдайда қалатын. Мысалы, егер бала қаңтарда немесе көктемде 6 жасқа толса, оны балабақшадан шығарып жібереді, ал 1-сыныпқа тек қыркүйекте барады. 

«Енді балалар 6 жасқа қыста толса да, жазға дейін балабақшада қала алады. Бұрын қаңтарда 6-ға толған балаларды бірден шығарып тастайтын жағдайлар жиі кездесетін. Ол ата-аналарға үлкен қиындық тудыратын. Енді бұл мәселе де  шешілмек», – деді депутат.

Бұл түзету ата-аналар үшін үлкен жеңілдік болмақ. Жаңа норма заңмен бекітіліп, мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру жүйесінде маңызды мәселенің біріне нүкте қойылды.

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар