«-7 градус аяз, қар, жаңбыр»: Алдағы үш күнге ауа райы болжамы жарияланды
- авторjambylinfo.kz
- 30 қазан, 2023
- 278
Таулы және тау бөктеріндегі аудандарда ауа температурасы 2-7 аязға дейін төмендейді.
«Қазгидромет» РМК алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады.
Синоптиктердің хабарлауынша, өткен апта еліміздің солтүстік аймақтарында шынымен қыс мезгілі байқалды, қар жауды, ауаның орташа тәуліктік температурасы нөлдік белгіден төмен болды, алайда жаңа аптада синоптикалық жағдай өзгереді.
Атлантикалық циклондар сериясы жылу әкеледі, ауа температурасы қысқа уақытқа төмендегеннен кейін жылумен бірге жауын-шашын жаңбыр мен қар түрінде болады, тек республиканың батысында ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болжанады.
Күндізгі ауа температурасы батыста 12-20 жылыға дейін, солтүстікте және орталықта 5-10 жылыға дейін, ал еліміздің шығысы мен оңтүстігінде суық фронттың өтуімен түнде 0-5 жылыға дейін, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда 2-7 аязға дейін, күндіз 10-15, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда 0-5 жылыға дейін төмендейді деп күтілуде.
Дереккөз: https://aikyn.kz/257820/7-gradus-ayaz--k-ar--zhan-byr--aldag-y-ush-kunge-aua-rayy-bolzhamy-zhariyalandyjambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
«1 млн. 107 600 теңге»: Жамбылдық ұстаздар ақшалай сыйақыға ие болды
- авторjambylinfo.kz
- 20 желтоқсан, 2024