жексенбі, 29 қыркүйек, 2024 14:30

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

7 мыңнан астам адамға қайтарымсыз грант берілді

7 мыңнан астам адамға қайтарымсыз грант берілді
ашық дереккөзі
7 мыңнан астам адамға қайтарымсыз грант берілді
1 мамырдағы жағдай бойынша 232,7 мың адам Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына қатысты.

174,8 мың адам жұмысқа орналастырылды, оның 80,2 мыңы – тұрақты жұмысқа.

Бағдарламаның бірінші бағыты аясында қысқа мерзімді курстарға 5 мың адам жіберілді.

Өз ісін ашу үшін 473 адам жеңілдікті микрокредиттер, ал 7,2 мыңы қайтарымсыз мемлекеттік гранттар алды.

Субсидияланатын жұмыс орындарына 99,9 мың адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде: әлеуметтік жұмыс орындарына 13,2 мың адам; жастар практикасына – 8,4 мың адам; қоғамдық жұмыстарға – 78,3 мың адам.

Еңбек ресурстарының ұтқырлығы шеңберінде 607 отбасы немесе 1935 адам қоныс аударды, оның ішінде 888 адам еңбекке қабілетті жаста. Сондай-ақ 593 адам жаңа тұрғылықты жерінде тұрақты жұмыс орындарына орналастырылды және 35 адам кәсіпкерлік қызметпен айналысады.

Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылы «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 649 мың адам қатысты. 437,3 мың адам жұмысқа орналастырылды, оның 319,2 мыңы тұрақты жұмысқа тұрды. Жаппай кәсіпкерлікті дамытуға 12,7 мың микрокредит және жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға 44,9 мың мемлекеттік қайтарымсыз грант берілді.

Қысқа мерзімді оқыту курстарына 18,7 мың адам жіберілді, ал ТжКБ ұйымдарында оқытумен 18,4 мың адам қамтылды.

Бұдан басқа, еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру шеңберінде жұмыс күші артық өңірлерден құрамында 5,8 мың адамы бар 1,8 мың отбасы қоныс аударды.

 
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар