Жаңалықтар
70-ке жуық мемлекет ауған халқына көмектесуге дайын екенін мәлімдеді
- авторjambylinfo.kz
- 16 тамыз, 2021
- 186
70-ке жуық мемлекет ауған халқына көмектесуге дайын екенін мәлімдеді
Еуроодақ пен 67 мемлекет Ауғанстан билігін "Талибан" қозғалысы басып алғаннан кейін бірлескен мәлімдеме жасады.
Жоғарғы Соттың 2005 жылғы 15 наурыздағы шешіміне сәйкес, "Талибан" қозғалысына Қазақстанда тыйым салынған.
АҚШ, ЕО-ның Сыртқы істер жөніндегі жоғары өкілі, Ұлыбритания, Канада, Германия, Австралия, Польша, Украина, Оңтүстік Корея, Африка мен Латын Америкасының кейбір мемлекеттері елден кеткісі келетіндерге мүмкіндік жасау керек екенін, Ауғанстан азаматтарына көмектесуге дайын екенін білдірді.
"Ауғандар мен кеткісі келетін шетелдіктерге кетуге рұқсат берілуі керек. Жолдар, әуежайлар мен шекаралар ашық болып, тыныштық сақталуы тиіс. Ауған халқы қауіпсіз және лайықты өмір сүруге лайық. Біз халықаралық қоғамдастықта оларға көмектесуге дайынбыз", - делінген хатта.
Құжатта елдер Ауғанстандағы жағдайға байланысты қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жұмыс істеп жатқандығы айтылған. Олар барлық тарапты шетелдіктер мен ауған елінен кеткісі келетіндердің қауіпсіз түрде кетуіне жағдай жасауға және құрметтеуге шақырды. Авторлар Ауғанстанда билікке отырғандарға адам өмірін қорғауға, сондай-ақ қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпті тез арада қалпына келтіруге жауапты екенін еске салды.
Еске салайық, "Талибан" қозғалысының содырлары Ауғанстанның астанасы Кабулға кіріп, елдегі соғыстың аяқталғанын мәлімдеді. Кабул әуежайына жүздеген адам жиналып, елден кетуге тырысты.
Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстандағы жағдай туралы мәлімдеме жасаған болатын. Ол Ауғанстан Ислам Республикасындағы қазақстандықтар мен дипломаттардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдауды тапсырды. Мемлекет басшысы Қазақстан Ауғанстандағы шиеленістің ушығуына алаңдайтынын және оқиғалардың дамуын мұқият қадағалап отырғанын айтты.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз