Жаңалықтар
8 жастағы қызылордалық бала құдыққа құлап қайтыс болды
- авторjambylinfo.kz
- 26 қараша, 2023
- 516
8 жастағы қызылордалық бала құдыққа құлап қайтыс болды
Қызылордада кәріз құдығына түсіп кеткен бала қайтыс болды, деп хабарлайды Қызылорда облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қайғылы оқиға кеше күндізгі сағат 13:14 минутта болған. Сегіз жастағы бала абайсызда қаланың емханаларының бірінің жанындағы кәріз құдығына құлап кеткен көрінеді.
Аталған дерекке қатысты Қылмыстық Кодекстің 279-бабы “Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы қағидаларды немесе нормативтердің талаптарын бұзу” бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сот-медициналық сараптама жасалып жатыр. Тергеу басталды”, – деп хабарлады полиция департаменті.
Құтқарушылар баланың денесін кешке дейін іздеп, зорға дегенде тауып алған екен.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
Криштиану Роналду 30 метр қашықтықтан гол соқты
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Бас прокурор: "Азаматтардың құқығын қорғау – басты назарда"
- авторСадуақас Айсұлу
- 5 желтоқсан, 2025
Жаңалықтар
Геннадий Головкин Халықаралық бокс Даңқ залына енген тұңғыш қазақ атанды
- авторБақытжан Бекболат
- 5 желтоқсан, 2025






