дүйсенбі, 30 желтоқсан, 2024 22:17

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

9 қараша күні еліміздің қай бөлігінде қар аралас жаңбыр жауады?

9 қараша күні еліміздің қай бөлігінде қар аралас жаңбыр жауады?
ашық дереккөзі
9 қараша күні еліміздің қай бөлігінде қар аралас жаңбыр жауады?
Түнде және таңертең Атырау облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында солтүстік-батыстан оңтүстікке ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Атырауда түнде және таңертең тұман болады деп болжанады. Күндіз Жетісу облысының оңтүстігінде нөсер жаңбыр жауады, облыстың таулы аймақтарында аракідік қатты жауын-шашын болады (жаңбыр, қар). Облыстың таулы аймақтарында тұман болады деп күтіледі. Облыстың шығысында, таулы аудандарында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді. Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Түнде Қызылорда облысының басым бөлігінде жаңбыр жауады. Таңертең және түстен кейін облыстың орталығында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Қызылордада күндіз оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады деп күтіледі. Күндіз Алматы облысының оңтүстігінде аракідік қатты жаңбыр жауады, облыстың таулы аудандарында да қатты жауын-шашын болады (жаңбыр, қар). Облыстың таулы аймақтарында тұман түседі деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с дейін жетеді. Алматыда күндіз нөсер жаңбыр жауады. Қонаевта оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с. Түнде және таңертең Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында тұман болады деп күтіледі. Күндіз өңірдің оңтүстігінде, сондай-ақ басым бөлігінде оңтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады деп күтіледі. Жезқазғанда оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады деп күтіледі. Түнде және таңертең Маңғыстау облысының басым бөлігінде тұман болады деп күтіледі. Облыстың батысына, оңтүстігіне солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ойыса соққан желдің екпіні - 15-20 м/с. Ақтауда түнде және таңертең тұман болады деп күтіледі. Түнде және таңертең Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман болады деп күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады деп күтіледі. Түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман түсуі ықтимал. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде батыстан оңтүстік-шығысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Орал қаласында түнде және таңертең тұман болады деп күтіледі. Батыстан оңтүстік-шығысқа ойыса соққан желдің екпіні - 18 м/с. Түнде және таңертең Ақмола облысының батысында, солтүстігінде тұман түсуі ықтимал. Күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Көкшетауда түнде және таңертең тұман болады деп күтіледі. Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жауын-шашын (негізінен жаңбыр) болады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде тұман түсуі ықтимал. Күндіз облыстың батысында көктайғақ болады деп күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Петропавлда күндіз жауын-шашын (негізінен жаңбыр) болады деп күтіледі. Түнде Түркістан облысының таулы аймақтарында нөсер жаңбыр, найзағай болады деп болжанады. Өңірдің оңтүстігінде, солтүстігінде, батысында, таулы аудандары мен тау бөктерінде батыстан, солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, түнде облыстың таулы аудандарында 25 м/с дейін жетеді. Шымкентте, Түркістанда батыстан, солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар