дүйсенбі, 30 желтоқсан, 2024 21:42

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

"Ақиқаты сол": Төреғалидің келіншегі оның екінші әйел аламын дегеніне қатысты пікір білдірді

"Ақиқаты сол": Төреғалидің келіншегі оның екінші әйел аламын дегеніне қатысты пікір білдірді
ашық дереккөзі
"Ақиқаты сол": Төреғалидің келіншегі оның екінші әйел аламын дегеніне қатысты пікір білдірді
Қазақстандық танымал әнші Төреғали Төреәлі соңғы сұхбаттарының бірінде екінші әйел алуға ниеті бар екенін айтты. Әртістің бұл мәлемдемесі желіде қызу талқы тудырып, кейбір оқырмандарға жақпай қалған. Төреғалидің келіншегі шу тудырған күйеуінің сұхбатынан кейін Instagram парақшасында пікір білдірді. Ол жолдасының екінші әйел алуына қатысты қандай көзқараста екенін ашық айтты. "Біріншіден, тағдырыма екінші әйел алу жазылған болса, аламын, жазылмаған болса, алмаймын деді. Екіншіден, екінші әйел алатын болса, менен сұрамайды. Міндетті емес. Сондықтан қарсымын ба жоқ па айта алмаймын. Иә, ауыр мүмкін, бірақ ақиқаты сол", - деп жазды Толқын Тұрарбекқызы. Айта кетейік, бұған дейін Төреғалидің екінші әйел алуға ниетті екенін жазған болатынбыз. Өнер иесі тағдырына жазылса, мың адам қарсы болса да бұл ойын іске асыратынын жеткізді. Дереккөз: https://kaz.nur.kz/showbiz/2047657-aqiqaty-sol-toregalidin-kelinsegi-onyn-ekinsi-aiel-alamyn-degenine-qatysty-pikir-bildirdi/
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар