жексенбі, 24 қараша, 2024 7:04

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Ақмола облысында алкоголь өнімдерін шығаратын заңсыз цех анықталды

Ақмола облысында алкоголь өнімдерін шығаратын заңсыз цех анықталды
ашық дереккөзі
Ақмола облысында алкоголь өнімдерін шығаратын заңсыз цех анықталды
Ақмола облысында алкоголь өнімдерін шығаратын заңсыз цех анықталды. Ақмола облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері аймақ аудандарының бірінде жалға алынған гаражда арақ пен коньяк өндірумен және құюмен айналысатын 57 жастағы әйел кәсіпкердің заңсыз қызметін анықтады. «Гаражды тексеру барысында 1200 литр спирт құйылған 200 литрлік пластикалық бөшкелер, 90 литр спирті мен 525 литр арағы құйылған бес литрлік пластикалық контейнерлер, коньяк жасауға арналған бояуы бар 0,5 литрлік бір шыны бөтелке, коньяк иісіне ұқсас қара сұйықтығы бар 0,5 литрлік бір шыны бөтелке табылды және тәркіленді. Сондай-ақ, өндіріске және құюға қажетті заттар алынды: спиртті соруға арналған сорғы, 12 Вольтқа арналған электр ыдысы, спирт қалдықтары бар 200 литрлік бөшкелердің бос ыдыстары, бос канистрлер мен баклажандар», - деп түсіндірді ведомстводан.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар