Жаңалықтар
Ақмола облысындағы жол апаты салдарынан он адам зардап шекті
- авторjambylinfo.kz
- 8 желтоқсан, 2021
- 237
Ақмола облысындағы жол апаты салдарынан он адам зардап шекті
Ақмола облысындағы тас жолда болған жол апаты салдарынан 10 адам зардап шекті, оның екеуі – кәмелетке толмаған балалар, деп хабарлайды «Хабар 24». Облыстық полиция департаменті нақтылағандай, жол апаты 6 желтоқсанда Аршалы ауданын басып өтетін Екатеринбург – Алматы автожолының 1318 шақырымында (Шөптікөл станциясының жанында) болған. Апат туралы хабарлама Аршалы аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне сағат 17:05-те келіп түсті. «Toyota Highlander маркалы автокөлігінің жүргізушісі (Қарағанды қаласының 40 жастағы тұрғыны) рөлге ие бола алмай, алдындағы тізгінінде 44 жастағы елордалық болған Kia Rio және 41 жастағы тағы бір елордалықтың басқаруындағы Toyota RAV4 көліктеріне соқтығысқаны анықталды. Жаппай жол апаты салдарынан Аршалыдағы орталық аудандық ауруханасына үш автокөліктің жүргізушісі мен жеті жолаушы, оның ішінде 2005 жылғы және 2021 жылғы кәмелетке толмаған екі бала жеткізілді», – делінген Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарламасында.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз