Жаңалықтар
Ақордада Словакия премьер-министрі Роберт Фицоны қарсы алу рәсімі өтті
- авторСадуақас Айсұлу
- 11 маусым, 2025
- 207

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді
Ақордада елімізге ресми сапармен келген Словакия премьер-министрі Роберт Фицоны салтанатты қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Роберт Фицо бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылы ротасының бастығы рапорт берген соң Қазақстан мен Словакияның мемлекеттік әнұрандары шырқалды.