Қақпа алдында кездесу
Жаза мерзімінің аяқталуына байланысты «Қақпа алдында кездесу» әлеуметтік жобасы аясында өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №26 мекемеден алматылық азаматшаны шығарып салу шарасы өтті. Бұл күні сотты болған азаматшаның денсаулық жағдайы, білім деңгейі, жұмыспен қамтылуын, тұрғылықты жерінің болуы, сондай-ақ оған көрсетілетін әлеуметтік-құқықтық көмектің көлемін анықтау үшін қажетті мәліметтер, жеке тұлғасын зерттеу жұмыстары жүргізілді.
Айта кетейік, Р есімді азаматша Қылмыстық Кодекстің 367 бабы, 1 бөлімі, 58 бабы 6 бөлігімен 1 жыл 1 айға бас бостандығынан айырылып, темір торға тоғытылған.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз