«Аңсаған сәби» бағдарламасына арналған квота саны артты
- авторАрайлы Жақсылық
- 3 сәуір, 2025
- 127

Өткен жылдың қорытындысында 145 әйел «Аңсаған сәби» бағдарламасы арқылы құрсақ көтерген, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Оның ішінде 25-і босанып, сәбиін құшағына алды. Ал, 82 ана жүкті әйелдер тізілімінде тұр. Теріс нәтиже бергендер саны – 189,оң экстракорпоральды ұрықтандырудың ең төменгі шегі 36 пайызды көрсеткен.
«Бағдарламаға кімдер қатыса алады?» дегенге тоқталсақ, «Аңсаған сәби» бағдарламасы бедеулік диагнозы қойылған пациенттерге арналған. Оған отбасылық жұптар да, жеке адамдар да қатыса алады.
«Аңсаған сәби» бағдарламасы аясында ЭКҰ-ға жолдама алу үшін алдымен тіркелген жері бойынша емханаға бару міндетті. Сол жердеүміткерді бедеулігі бар диспансерлік пациенттердің электрондық тізімінеқосады. Одан кейін тексерістен өтеді.
12 айдың ішінде емхана бейіндімаманның қорытындысы негізінде пациенттің құжаттарын жоғарытехнологиялық медициналық қызметтер жөніндегі жергілікті комиссияғажібереді.
Комиссия оң шешім шығарған жағдайда әйелді «Емдеуге жатқызубюросы» порталына тіркеп, емшараға дайындық басталады.
Пациент экстракорпоралды ұрықтандыру клиникасын өзі таңдайды. «Аңсаған сәби»бағдарламасы бойынша экстракорпоральды ұрықтандыру процедурасыжылына бір рет тегін жасалады.