Жаңалықтар
АҚШ Ауғанстан азаматтарына виза беруді тоқтатты
- авторАяжан Дәулетбекқызы
- 29 қараша, 2025
- 227
АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио Х әлеуметтік желісінде Ауғанстан азаматтарына виза берілмейтінін мәлімдеді
АҚШ Ауғанстан азаматтарына виза беруді тоқтатты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Бұл шешім Ақ үй маңында орын алған шабуылдан кейін қабылданған.
Шабуыл кезінде Ұлттық гвардияның екі қызметкері жараланып, біреуі қаза тапты. Федералдық тергеу бюросы (ФБР) басшысы Кэш Патель брифингте қылмысты жалғыз адам жасағанын және күдіктінің қолға түскенін хабарлады.
Ал АҚШ Қорғаныс министрі Пит Хегсет ел астанасында қауіпсіздік шаралары күшейтілетінін айтты. Президент Дональд Трамптың тапсырмасымен Вашингтонға қосымша 500 әскери қызметкер жіберіледі.
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Швецияда жойқын дауыл салдарынан екі адам қаза тапты
- авторАяжан Дәулетбекқызы
- 28 желтоқсан, 2025
Жаңалықтар
Қазақстан ТЖМ ұшағымен бала жедел түрде ауруханаға жеткізілді
- авторАяжан Дәулетбекқызы
- 28 желтоқсан, 2025






