жексенбі, 30 наурыз, 2025 6:10

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

АҚШ Конгресінде Түркияның дипломатиялық мәртебесін қайта қарау ұсынылды

АҚШ Конгресінде Түркияның дипломатиялық мәртебесін қайта қарау ұсынылды
ашық дереккөз
АҚШ Конгресінің Өкілдер палатасына “Түркияның дипломатиялық қайта құрылымдау туралы заңы” атты заң жобасы ұсынылды.

Бұл бастама Түркияны Еуропа елдері қатарынан шығарып, оны Таяу Шығыс істері бюросына қосу мәселесін көтереді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz Fox News-ке сілтеме жасап.

 Қазіргі таңда Түркия АҚШ Мемлекеттік департаментінің Еуропа және Еуразия істері бюросына кіреді.

Жаңа заң жобасы келесі факторларға негізделген:

НАТО-ға қарсы әрекеттері: Анкараның ХАМАС ұйымымен байланысы, Ресеймен тығыз әскери-экономикалық қарым-қатынасы және НАТО бірлігіне кері әсері.

F-16 ұшақтарына қатысты қысым: Түркия Швеция мен Финляндияның НАТО-ға қосылуын ұзақ уақыт мақұлдамай, Вашингтонға өз талаптарын қойды.

Батыс саясатына алшақтауы: НАТО құрамында бола отырып, Түркияның Батыс альянстарынан қашықтауы Конгресс мүшелерінің алаңдаушылығын туғызды.

Бұл бастамаға Түркия билігі қарсылық білдіріп, елшілік мәлімдеме жасады:

"Түркия – Еуропаның ажырамас бөлігі. Біз – НАТО-ның мықты мүшесіміз, Еуропалық Кеңес пен ЕҚЫҰ құрамындамыз. Біздің еуропалық орнымыз тарихи және геостратегиялық тұрғыдан даусыз."

Егер заң жобасы қабылданса, АҚШ Мемлекеттік департаменті Түркияның дипломатиялық мәртебесін қайта қарап, 90 күн ішінде Конгреске соңғы 5 жылдағы еуропалық саясаттан алыстауы туралы шолу ұсынуы тиіс.

Бұл бастама АҚШ-Түркия қарым-қатынасын одан әрі шиеленістіріп, НАТО ішіндегі келіспеушіліктерді күшейтуі мүмкін.

Арайлы Жақсылық
Автор

Арайлы Жақсылық

Арайлы Жақсылық

Ұқсас жаңалықтар