Жаңалықтар
АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Қазақстанға алғаш рет сапармен келеді
- авторjambylinfo.kz
- 24 ақпан, 2023
- 462
АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Қазақстанға алғаш рет сапармен келеді
28 ақпанда АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Қазақстанға өзінің алғашқы сапарын жасайды.
Астанада болуы барысында Мемлекеттік хатшыны Қасым-Жомарт Тоқаев қабылдайды және ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді онымен екіжақты келіссөздер өткізеді.
Сондай-ақ Астанада Блинкен және Орталық Азия елдерінің сыртқы саяси мекемелері басшыларының қатысуымен С5+1 форматындағы министрлік кездесу өтеді. Күн тәртібі өңірлік ынтымақтастық және АҚШ-пен серіктестік мәселелерін одан әрі дамытуды қамтиды.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Биыл ең көп турист барған курорттық аймақ белгілі болды
- авторСадуақас Айсұлу
- 14 желтоқсан, 2025






