....

....

бейсенбі, 22 ақпан, 2024 10:32

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыныз

Байланыс

“Ақша душ кабинетінен табылды”. Алматыда шенеуніктің қолға түскен сәтіндегі видеосы тарады

“Ақша душ кабинетінен табылды”. Алматыда шенеуніктің қолға түскен сәтіндегі видеосы тарады
ашық дереккөзі
“Ақша душ кабинетінен табылды”. Алматыда шенеуніктің қолға түскен сәтіндегі видеосы тарады
Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің орынбасары ірі көлемде пара алу бойынша күдікті ретінде қолға түсті, деп хабарлайды Жамбылинфо Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігіне сілтеме жасай отырып. Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Жетісу ауданы әкімінің орынбасарына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатқаны белгілі болды. “Ол жергілікті кәсіпкерлерден 14 миллион теңге көлемінде пара алу бойынша күдікті. Сома мемлекеттік сатып алу шарттарын жасасуға, орындалған жұмыстар актілеріне қол қоюға және жалпы қамқорлыққа алуға жәрдемдесуге арналған. Тергеу сотының санкциясымен күдікті қамауға алынды”,-деп хабарлайды Антикордың баспасөз қызметі. Сонымен қатар қазір желіде шенеунікті қолға түсірген сәттегі видео тарап жатыр. Алматыда шенеуніктің қолға түскен сәтіндегі видеосы тарады Тергеу жалғасуда. Бейнежазбада көрініп тұрғандай, Антикор қызметкерлері әкім орынбасарының кабинетіне кіре сала тінтуге кіріскен. Кабинеттегі құжаттар, шкаф, суырманы тінтіген қызметкерлердік бірі душ кабинетінен жабық пакет тауып, ішіндегі ақшаны санай бастайды.  
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыныз

Ұқсас жаңалықтар