дүйсенбі, 30 желтоқсан, 2024 22:17

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

"Ақша үшін бәріне келісетін ел": саясаттанушы Астана әуежайының арабтарға берілуі жайлы

"Ақша үшін бәріне келісетін ел": саясаттанушы Астана әуежайының арабтарға берілуі жайлы
ашық дереккөзі
"Ақша үшін бәріне келісетін ел": саясаттанушы Астана әуежайының арабтарға берілуі жайлы
Саясаттанушы Ерік Ілиясов елорда әуежайының БАӘ компаниясына берілуіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Жамбылино Ulysmedia.kz.сайтына сілтеме жасап.
“Алматы әуежайы түріктерге берілгеннен кейін “карго” 2 есе қымбаттады. Қаңтар оқиғасына дейін 1 келі үшін 3,2 доллар төлейтінбіз, қазір 6,5 долларға көтерілді. Түркия-Қазақстан сауда-экономикалық қарым-қатынастарын дамытып жатырмыз деген бос сөз. Енді Астана әуежайының менеджментін арабтарға бергелі жатыр екенбіз…Өйткені екі ел кез келген сыбайласқа ыңғайлы. Ақша үшін бәріне келісетін елдер”, – деп жазды ол.
Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, Үкімет басшысы Әлихан Смайыловтың Түркістан облысына жұмыс сапары барысында шетелдік инвестор – БАӘ-нің Terminals Holding компаниясымен Астана әуежайын мультимодальді хаб ретінде дамыту жөніндегі ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Terminals Holding компаниялар тобы – Азия мен Африканың ірі нарықтарында тұтынушыларға қызмет көрсететін, сондай-ақ Abu Dhabi Ports ірі портты және өнеркәсіп компаниясымен байланысты қарқынды дамып келе жатқан авиациялық кәсіпорын. Үкіметтің мәліметінше, инвестор елорда әуежайының қызметіне жан-жақты баға беріп, кейіннен жолаушыларға қызмет көрсету сапасын және жалпы әуе айлағының тиімділігін арттыру үшін жедел басқаруды өз қолына алады.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар