Ақсуда полицей өлі табылды
Ақсу қаласында полиция қызметкері асылып қалды. Павлодар облысының полиция департаменті полицейдің өз-өзіне қол жұмсағанын мәлімдеді.

«5 шілдеде сағат 23.40-та Ақсу қаласында полиция майорының мәйіті табылды. Аталған дерек бойынша қылмыстық кодекстің 105-бабы бойынша соталды тергеу басталды», деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаменті басшысының орынбасары Жандос Орымбаев.
Қайғылы оқиғаның себептері анықталып жатыр.
«Сараптама тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы мен себептері соталды тергеу барысында анықталады», деді Орымбаев.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
Жамбыл облысында Елорда күні кең көлемде аталып өтті
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Үшаралдағы ұлы думан: бірлік пен дәстүр тоғысқан күн
- авторБақытжан Бекболат
- 27 наурыз, 2026
Жаңалықтар
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алу талабы қатаңдатылады
- авторСадуақас Айсұлу
- 26 наурыз, 2026





