сейсенбі, 26 қараша, 2024 21:47

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Ақтөбе әуежайы сатылымға шығарылды

Ақтөбе әуежайы сатылымға шығарылды
ашық дереккөзі
Ақтөбе әуежайы сатылымға шығарылды
Әлия Молдағұлова атындағы Ақтөбе халықаралық әуежайы 3 жылға сенімгерлік басқаруға беріледі. Осы мерзімнен кейін инвестор әуежайды сатып ала алады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Диапазон" сайтына сілтеме жасап. Облыс әкімінің орынбасары Руслан Хамбаров әуежайды сату туралы айтуға ертерек екенін атап өтті. Сатып алушы алдымен тендердің 20-дан аса шарттарын орындау арқылы өзін жақсы басқарушы ретінде көрсетуі керек.
"Қоғам назарын мынаған аударғым келеді: мәселе әуежайды сатуда емес. Мәселе оны 3 жыл мерзімге сенімгерлік басқаруға беру және мемлекеттің мүддесін ескере отырып, міндеттемелерді орындау туралы болып отыр. Егер инвестор үш жыл ішінде осы шарттарды толық орындаса, содан кейін ғана әуежай оған тиесілі болады. Егер сенімгерлік басқару кезеңінде инвестор дұрыс басқара алмаса немесе міндетті талаптарды орындамаса, онда келісімшартты бұзылуы мүмкін, ал әуежай коммуналдық меншікке қайтарылады", - деп түсіндірді Руслан Хамбаров баспасөз мәслихатында.
Әуежай құны 7,3 миллиард теңгеге бағаланды. Әкімнің орынбасарына жекеменшік иесіне өткеннен кейін билет қымбаттай ма деген сұрақ қойылды.
Ол Президент Жолдаудағы мемлекеттің тиімсіз басқарушы деген сөзін еске салды.
"Осыдан кейін нысандар бәсекелестік ортаға берілді. Иә, неге пайда әкеліп тұрған нысанды сату керек деген сұрақ туындады. Шынында да, 2019 жылға дейін әуежай тиімсіз болды, 2020 жылдан бастап ол пайда таба бастады. Бірақ ол бәсекелестік ортада болса, қайтадан тиімсіз болады дегенді білдірмейді. Жаңа басқарушы әуежайды дамытуға инвестиция салуы тиіс. Сенімді басқару шарттарының бірі - ұшу-қону жолағын күрделі жөндеу. Бұл әуежайдағы ең қымбат нәрсе және мұндай күрделі жөндеу көп ақша талап етеді. Мемлекет мұндай ақша бөле алмайды", - деп жауап берді Хамбаров.
"Тарифтерге келетін болсақ, бұрынғы деңгейде қалады деп ойлаймыз. Бірақ әуе билеттерінің құны авиаотынның бағасына тікелей байланысты екенін атап өткім келеді, ал оның кейінгі құны бойынша бізде болжам жоқ", - деп толықтырды Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар