жексенбі, 24 қараша, 2024 23:32

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Ақтөбеде 4 жүкті келіншек COVID-19-дан көз жұмды

Ақтөбеде 4 жүкті келіншек COVID-19-дан көз жұмды
ашық дереккөзі
Ақтөбеде 4 жүкті келіншек COVID-19-дан көз жұмды
Ақтөбеде коронавирус инфекциясын жұқтырған төрт жүкті келіншек көз жұмды. Үшеуінің сәбиі аман қалды
Ақтөбеде инфекциялық кереуеттер жүктемесі 43, ал реанимациялық кереует жүктемесі ​ 40 пайызды құрап отыр. Сонымен бірге 1700-ден астам кереует резервте тұр. «Қазір ауруханадағы 800-ден астам науқастың 88-і жансақтау бөлімінде жатыр. Жыл басынан бері 521 адам көз жұмды. Оның 353-і коронавирус инфекциясы, өзгесі пневмониядан», деді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Күштаева. Облыс бойынша жыл басынан бері 4 жүкті әйел коронавирус инфекциясынан көз жұмған. «Өкінішке қарай 26-38 жас аралығындағы төрт жүкті әйел көз жұмды. Олардың жүктілігі 34-36 апталық еді. Аман-есен өмірге келген үш баланы қазір туған-туыстары тәрбиелеп жатыр. Біреуі шетінен кетті. Жас аналардың созылмалы ауруы бар болған​ соң олардың​ өмірін сақтап қалу мүмкін болмады. Олар семіздік, созылмалы холецистит, пиелонефрит ауруларына шалдыққан», деді Айгүл Күштаева.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар