Жаңалықтар
Ақтөбеде Toyota Alphard жүк көлігімен соқтығысып, төрт адам көз жұмды
- авторАяжан Дәулетбекқызы
- 16 тамыз, 2025
- 668
Қайғылы оқиға кеше сағат 14:00 шамасында орын алған
Ақтөбеде Toyota Alphard жүк көлігімен соқтығысып, төрт адам көз жұмды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ мәліметіне сүйенсек, оқиға 15 тамыз күні сағат 14:00 шамасында болды. Әйтеке би ауданы Белқопа ауылы маңында жеңіл көлік пен жүк көлігі соқтығысты.
Алдын ала мәліметтер бойынша Toyota Alphard маркалы минивэн мен Volvo маркалы жүк көлігі соқтығысқан.
Оқыс оқиғаның салдарынан төрт адам қаза тауып, тағы үш адам әртүрлі дене жарақаттарын алды.
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Ақтөбе облысында қар құрсауында қалған 79 адам құтқарылды
- авторБақытжан Бекболат
- 6 наурыз, 2026





