дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 2:18

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Ақтөре Донбаев – өрмекші адам

Ақтөре Донбаев – өрмекші адам
Сурет ашық дерекөзден алынды
Тараздық жігіт тағдырын қыл арқанның ұшына байлап, көп қабатты үйлердің төбесінде, аспан мен жердің ортасында тербетіліп жүріп жұмыс істейді.

Ақтөре Донбаев. өз тағдырын қыл арқанның ұшына байлап, аспан мен жердің ортасында тербетіліп жүріп жұмыс істейді. Ол өз бойында еш үрей жоқтығын айтады.  – Мен бұл мамандыққа саналы түрде келдім. Иә, тағдырың бір ғана жіптің ұшында ілініп тұрғанын сезесің. Бірақ, маған дәл осы жұмысым қатты ұнайды. Ұлан Абдраимов есімді өнеркәсіптік альпинисттің көмекшісі болып жанында жүрдім. Ол маған: «Сенің салмағың жеңіл. Жылдамсың. Осы іспен сен де шұғылданып көрсең қайтеді? Бірге істеп көрсең, үйреніп, қайта-қайта төбеге өрлегің келіп тұрады. Адреналинді жақсы көресің ғой. Бұл жұмыста да ең бастысы сол» деп ұсыныс айтты. Басында жүрегім дауаламағанымен, ойланбастан келістім. Сөйтіп, ең алғаш Тараз қаласындағы 7 қабатты «Сұңқар» медициналық орталығына шығып көрдім. Аса қиын емес екеніне көзім жетті. Екінші рет Алматы қаласындағы 16 қабатты ғимаратқа көтерілгенде әбден ойландым. Ұстазымның сөзі демеу болды, «Арқанға сен, бірінші Алла, одан кейін арқан сені аман алып шығады. Қорыққанға қос көрінеді. Ойланба, қорықпа!» деп құлағыма құюмен болды. Қатты қобалжығаныммен, келісіп қойғандықтан, уақыт тапшы еді. 25 килограмдық лакты қолыма алып, қорқынышқа бой алдырмай, бірден іске кірісіп кеттім, – дейді Ақтөре. 

Құралай Сейсенбекқызы
Автор

Құралай Сейсенбекқызы

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар