Жаңалықтар
Қаңтар оқиғасын ұйымдастырған Кәрім Мәсімовке тағы бір айып тағылды
- авторjambylinfo.kz
- 14 қараша, 2023
- 335
Қаңтар оқиғасын ұйымдастырған Кәрім Мәсімовке тағы бір айып тағылды
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Кәрім Мәсімовке қатысты жаңа қылмыстық істер туралы мәлім етті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz El.kz сайтына сілтеме жасап
"ҰҚК Кәрім Мәсімовке қатысты Қылмыстық кодекстің 218-бабы (Қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе)өзге мүлікті заңдастыру (жылыстату) және 366-бабы ("Пара алу") бойынша соталды тергеу жүргізіп жатыр", - дейді комитет өкілдері, - делінген комитеттің ҚазАқпарат тілшісіне берген жауабында.Сондықтан, қылмыстық-атқару кодексінің 92 - бабының 3-бөлігіне сәйкес сотталған Кәрім Мәсімов прокуратураның санкциясымен қылмыстық іс шеңберінде бірқатар тергеу әрекеттерін жүргізу үшін Астана қаласы ҰҚК тергеу изоляторына жеткізілді. Айта кетейік, 16 маусымда Астана қаласы сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сатысы К. Мәсімов, А. Садықұлов, Д. Ерғожин, М. Осипов және олардың қорғаушыларының шағымдары бойынша «өте құпия» деген белгімен қылмыстық істі қайта қарады. Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2023 жылғы 24 сәуірдегі үкімімен К. Мәсімов пен А.Садықұлов Қылмыстық кодекстің 175-бабының 1-бөлігі, 179-бабының 3-бөлігі, 362-бабының 4-бөлігі 3-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, 18 және 16 жылға бас бостандығынан айырылды.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Қазақтілді оқушылардың орыстілділерден сауаты төмен - зерттеу
- авторjambylinfo.kz
- 15 қазан, 2024