Жаңалықтар
Ақтауда 3 жігітке зорлық-зомбылық жасаған 7 күдікті ұсталды
- авторjambylinfo.kz
- 26 қыркүйек, 2022
- 601
Ақтауда 3 жігітке зорлық-зомбылық жасаған 7 күдікті ұсталды
Ақтауда 3 жігітке зорлық-зомбылық жасаған 7 күдікті ұсталды. Бұл туралы ІІМ баспасөз қызметінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат .
«Соңғы уақытта әлеуметтік желіде құпия орынға есірткі қалдырып кеткендерді жазалаған сәт бейнеленген видео тарауда. Екі роликте таспаланған оқиға осы жылдың мамыр және маусым айларында Ақтау қаласында орын алған. Қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі сәтте үш зардап шегуші мен 7 күдікті анықталды. Олардың төртеуіне «қамауда ұстау» бұлтартпау шарасы таңдап алынды. Олар кінәларын мойындап куәлік берді. Жасаған қылмыстары үшін 3-тен 7 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылуы мүмкін», - деді ол министрлікте өткен апталық брифинг барысында.
Оның дерегінше, биыл полиция 4,5 мыңнан астам есірткіге қатысты қылмыстық құқық бұзушылықты анықтады. Оның ішінде 959-ы сату фактісі болды. Заңсыз айналымнан 5,5 тоннадан астам есірткі тәркіленді.
«Синтетикалық есірткілерді тәркілеу екі еседен астам өсті. Ол шамамен 90 келіні құрайды. 23 есірткі зертханасы жойылды. Есірткі контрабандасының 98 фактісі анықталды. Есірткіні жарнамалау фактілері бойынша сотқа дейінгі 97 іс және есірткіні интернет арқылы өткізгені үшін 177 іс тіркелді», - деді Шұғыла Тұрлыбек.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Қазақстанда “Жасанды интеллект туралы“ жаңа заң күшіне енді
- авторСадуақас Айсұлу
- 18 қаңтар, 2026
Жаңалықтар
ТЖМ Крещение шомылуы кезіндегі қауіпсіздік ережелері туралы ескертті
- авторjambylinfo.kz
- 18 қаңтар, 2026






