Жаңалықтар
Ақтауда қатты жел соғып, қаланың тең жартысы жарықсыз қалды
- авторСадуақас Айсұлу
- 5 қараша, 2024
- 319
Қатты дауыл салдарынан түрлі дене жарақытымен 3 адам ауруханаға жеткізілген.
Күшті желдің салдарынан кейбір тұрғын үйлердің құрылыс материалдары ұшып жатыр деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Бағдаршамдар өшіп, көшелерде кептелістер болды. Бірнеше аялдаманың шатыры да ұшқан. Салдарынан Маңғыстау облыстық аурухананың қабылдау бөліміне түрлі дене жарақытымен 3 адам жеткізілген. Жағдайлары орташа ауыр.
Ақтау электр желілері станциясының мәліметінше, жарықтың өшуі МАЭК кәсіпорнының желісінде болған. Қазір қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.