Жаңалықтар
Ақтауда көпқабатты тұрғын үй кешені өртеніп жатыр
- авторjambylinfo.kz
- 20 желтоқсан, 2021
- 198
Ақтауда көпқабатты тұрғын үй кешені өртеніп жатыр
Маңғыстау облысы ТЖД баспасөз қызметі «Флоренция» тұрғын үй кешенінде болып жатқан өртке қатысты түсінік берді, деп хабарлайды Хабар 24 inaktau.kz сайтына сілтеме жасап. Ақтау қаласында жақында салынған тұрғын үй кешенінің төбесі өртенді. Төтенше жағдайлар қызметі қауіпсіздік мақсатында тұрғын үй кешенінен 50 адамды эвакуациялады. «Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Қазір оқиға орнында өрт сөндірушілер жұмыс істеп жатыр. Толығырақ ақпарат кейінірек берілетін болады», – деп қорытындылады ведомстводан. Облыстық полиция департаменті өрт сөндірушілерге 50 полицей, Ұлттық гвардияның 50 жауынгері, 10 автопатруль көмектесетінін, сондай-ақ төрт эвакуатор, бір манипулятор жұмылдырылғанын атап өтті.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз