жұма, 13 желтоқсан, 2024 13:12

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Ақтауда мектеп оқушысынан туберкулез анықталды

Ақтауда мектеп оқушысынан туберкулез анықталды
Фото - ашық дереккөз
Қазіргі таңда оқушы ем алып жатыр

Нөмірі 28-жалпы білім беру мектебінде оқитын 16 жастағы жасөспірім екінші тоқсан басталғалы ауырып, сабаққа келмеген, деп хабарлайды Jambylinfo.kz qazaqstantv сілтеме жасап.

Дәрігерлер оған диагнозды қарашаның 25-і күні қойды. Оқушы қазір ауруханада. Жағдайы қалыпты. Тиісті ем-домын алып жатыр. Ал осы оқиғадан кейін мектепте дезинфекцекциялық шаралар басталған. Мамандар мұғалімдердің медициналық кітапшаларын тексеріп, оқушының сыныптастары мен ұстаздары түгел дәрігерлік тексеруден өтіп жатыр.

Гүлниса Жоламанова, № 28 жалпы білім беру мектебі директорының міндетін атқарушы:

"Сақтық шараларын жасап, сыныбындағы оқушыларды түгел флюраға түсірдік. Ата-анасының рұқсатымен бүгін барлығына манту салынды. Байланыста сабақ беріп жүрген мұғалімнің барлығы флюраға түсіп келді, барлығы таза. Ешқандай қауіпті ешнәрсе жоқ. Енді сыныбында сақтық шараларын, дезинфекция шаралары бәрі жасалып жатыр".

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар