сәрсенбі, 30 қазан, 2024 12:22

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қаңғыбас иттер 15 күнге қамалатын болды

Қаңғыбас иттер 15 күнге қамалатын болды
ашық дереккөзі
Қаңғыбас иттер 15 күнге қамалатын болды
Шенеуніктер уақытша қамаудан босатылған төбеттердің адамдарды таламайтынына кепілдік бермесе де оларды алдымен зорлықшыларға қолданылатын тәсіл, яғни ит-мысықтарды кастрациялағаннан кейін ғана көшеге жібермек. Бұдан бөлек облыстық ветеринария басқармасы иесіз ит-мысықтарды аулап, кастрацияүшін жер гілікті бюджеттен 119 миллион теңге бөлуді сұраған. Алайда тұрғындар ауланған қаңғыбас иттерді көшеге қайта жіберуге қарсылық білдіріп отыр. 4 наурыздан бастап күшіне енген. Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы жаңа заң бойынша, көшедегі иесіз иттер уақытша 15 күнге қамалып, сол жерден кастрация, екпе алып қайта еріктеріне жіберіледі. Алайда ақтөбеліктер адамдарға, оның ішінде балаларға жиі атылатын бұралқы иттерді ауланғаннан кейін бостандыққа қайта жіберуге болмайды дейді. Осы ретте мамандар қаңғыбас иттер енді себепсіз атылмайтынын айтады. Тек уақытша ұстау изоляторына әкелінген иттердің арасында агрессия көрсеткені болса, не ауру табылса ғана жансыздандырылады дейді. Әзірге Ақтөбеде иттерге арналған уақытша ұстау орны жоқ.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар