«Қабағым жарылды»: Ләйлә Сұлтанқызы ұшақта оқыс оқиғаға тап болды
- авторjambylinfo.kz
- 14 тамыз, 2024
- 519
Ләйлә Сұлтанқызы ұшақта орын алған келеңсіз оқиға туралы instagram желісіндегі парақшасына жазған, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Ләйла Сұлтанқызының айтуынша, ол кеше сағат 21:50 шамасында KC7326 рейсімен Шымкенттен Астанаға ұшып келген. Алайда ұшақ жерге қонғанда есік ұзақ ашылмай, абайсызда үстіңгі сөреде тұрған ауыр зат оның үстінде құлаған.
«Бұл «Flyarystan» әуекомпаниясы қауіпсіздік шарасын сақтамағандықтан орын алған жағдай. Бордсеріктер мен әуекомпанияның алғашқы көмекке дайын емес болғанына қапа болдым! Не аптечка, не мұз, не суық зат, не қан тоқтатын, не салфетка жоқ. Менің, орнымда бала, қарт адам отырып, басы жарылса, қатты жараланса, миы шайқалса, көп қан кетсе жағдай қиын болар еді. Жауапсыздық! Әр бортсерік жолаушы мініп-түскенше адам денсаулығына жауапты, алғашқы көмек көрсетуге міндетті», - деп жазды ол.
Тележүргізуші жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етпеген «Flyarystan» әуекомпаниясының үстінен арыз жазған.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Президент Қарағанды облысына жұмыс сапарымен келді
Ұқсас жаңалықтар
Анаға тағзым орталығында жеңімпазбен кездесу өтті
- авторСадуақас Айсұлу
- 25 желтоқсан, 2024
25 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды
- авторСадуақас Айсұлу
- 25 желтоқсан, 2024