бейсенбі, 17 қазан, 2024 22:28

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Адам саудасы-қатерлі қылмыс

Адам саудасы-қатерлі қылмыс
ашық дереккөз
Адам саудасына байланысты қылмыстардың қаншалықты қоғамға қауіпті екені бәрімізге белгілі және соңғы кезде қоғам арасында жиі талқыға түсетін мәселе.

Адам саудасы – бүгінгі күні ғаламдық проблемаға айналған қылмыс түрі. Сондықтан әлем елдері қоғамды шырмаған қылмыстың осы түрімен бірлескен түрде күресіп келеді.
Адам саудасының негізгі құрбаны халықтың әлеуметтік жағынан қамтамасыз етілмеген бөлігі болып табылады.
Адам саудасының ішінде еңбекпен қанау, жезөкшелікке мәжбүрлеу фактісі анағұрлым жоғары. Бұл ретте, бас пайдасы мен баюды көздейтін арам пиғылды адамдардың іс-әрекеттері басым.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында еліміздегі адам саудасы проблемасының өзектілігін, адым саудасына қатысты қылмыстарды тергеу және кінәлілерді сот тәртібімен жазалау рәсімін жақсарту қажеттігін, сондай-ақ осы бағыттағы мемлекеттік органдардың іс-қимылын үйлестірудің маңыздылығын атап көрсеткен болатын.
Соның ішінде, жыныстық зорлық-зомбылық, адам саудасы, әсіресе балаларға қатысты қылмыстарға қолданылатын жазаны шұғыл түрде қатайтуды тапсырды.
ҚР Конституциясының 1-бабында «Мемлекеттің жоғарғы құндылықтары адам, адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» екендігі нақты көрсетілген.
Осында айтылғандай, елімізде әр адамның кең тыныстап, білім алып, еңбек етіп, еркін өмір сүруге толық құқылы екендігіне мойынсұнбай, мемлекеттің жоғарғы құндылығы саналатын адам құқығына заңсыз қол сұғып, арам пиғылмен заңсыз әрекеттерге барып, оларды өз мақсатына пайдалану адами тұрғыдан да, заңды тұрғыдан да қылмыстардың ең ауыры болып саналады.

Бұндай жиындар мен адам саудасына қатысты мәліметтер бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде тұрақты жарияланып, ақпараттық- насихаттау жүргізіліп келеді.

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар