дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 16:45

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

"АЭС - ел болашағы үшін қажет" - Орынқыз Жолдасова

"АЭС - ел болашағы үшін қажет" - Орынқыз Жолдасова
Сурет: Ашық дереккөзден алынды
Орынқыз Жолдасова елімізде 6 қазанда өтетін референдумды қолдайтынын айтты

Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтының комплаенс-офицері Орынқыз Жолдасова АЭС салу бастамасын қолдады, деп хабарлайды  Jambylinfo.kz                                                                                                 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында атом электр станциясына қатысты сөз қозғады. Ол осы мәселе бойынша Жалпыұлттық референдум қашан өтетінін айтты. Жамбылдықтар да энергия көзіне сұранысты осы бастама арқылы шешу дұрыс деп санайды.  

- Жаңа оқу жылының басталуымен қатар келген Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтің Қазақстан Халқына Жолдауды мұқият тыңдадым.  Мемлекет басшысы  Қазақстан халқына жолдауында атом электр станциясына қатысты сөз қозғады. Ол осы мәселе бойынша Жалпыұлттық референдум қашан өтетінін айтты. Әлемдік тәжірибеге сүйенсек, атом электр станциясын салу шығатын қуаттарды ауыстыру және Қазақстанның энергияға тәуелсіздігін қамтамасыз ету үшін жалғыз дұрыс шешім  Халық мұны дұрыс түсінуі керек. АЭС - ел болашағы үшін қажет.  Бұл сөзсіз  біздің ұрпағымызға керек. Ендеше, ел болып, Президенттің бұл бастамасын қолдайық дегім келеді.  Сондай-ақ,  “Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты биылғы Жолдауы еліміздің Стратегиялық жоспарын жан жақты талқылауға арналды. Жолдауда барлық салалар қамтылды,- деді Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтының комплаенс-офицері Орынқыз Жолдасова.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар