сенбі, 12 қазан, 2024 2:49

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«АЭС-ті Ресей салмайды» – Мақсат Толықбай

«АЭС-ті Ресей салмайды» – Мақсат Толықбай
Сурет:Ашық дереккөзден алынды
Оның айтуынша, АЭС-ті Ресей мамандары салады деген әңгіме негізсіз

Мәжілісмен АЭС құрлысына қатысты  фейсбук әлеуметтік желісіндегі парақшасына арнайы видео жариялаған, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Мақсат Толықбайдың сөзінше,  "АЭС құрлысын Ресей салады ма?" деген сауал журналистерді де, қоғамды алаңдатып отыр.

«Иә, бүгін журналистердің 80 % осы сұрақты қойды. Ресей АЭС-ті сала алмайды. Оған ешкім мүмкіндік те бермейді. Олар реакторларын сыртқа шығара алмайды. Онсыз да санкцияның астында. Қазір ұйымның талабын көрген шығарсыздар, бұдан кейін кез келген АЭС-ті бір мемлекет сала алмайды. Яғни, ең технологиясы озық Франция салса, не болмаса Оңтүстік Корея салса, соларға біз тәуелді болып қалмаймыз ба деген уайымдаушылық бар. Сондықтан салынған күннің өзінде де халықаралық концорциум құрылады. Енді жаңа мәжілісте де Катар мемлекеті, Біріккен Араб Әмірліктері инвестиция құйып жатқаны айтылды. Қазір тоқты қайдан алып отырмыз. Әбден тозығы жеткен жылу электр станцияларын жаңартуға күн, жел, су электр станцияларын қатар дамытатын боламыз. Шынымен энергетикалық тәуелсіздікке қол жеткізгіміз келсе, осы бағыттардың барлығын қатар алумыз керек», – дейді депутат. 

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар