Жаңалықтар
Air Astana IPO аясында сатылатын акциялардың бағасын жариялады
- авторjambylinfo.kz
- 29 қаңтар, 2024
- 260
Air Astana IPO аясында сатылатын акциялардың бағасын жариялады
Қазақстандық Air Astana қарапайым акциялар мен ғаламдық депозитарлық қолхаттардың баға диапозонын жариялады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Әуе компаниясы Астана, Алматы және Лондонда IPO-ға шығуды жоспарлап отыр.
Бір акцияның бағасы 2,13 доллардан 2,75 долларға дейін (шамамен 956 теңгеден 1237 теңгеге дейін), ал қолхат үшін 8,5 доллардан 11 долларға (3825 теңгеден 4950 теңгеге дейін).
Акцияның түпкілікті бағасы теңгемен бекітіледі, деп мәлімдеді Air Astana.
KASE және AIX биржаларында инвесторлардың акцияларға өтінімі теңгемен берілуі керек. Шамамен 141 миллион дана акцияны орналастыру ұсынылған.
Былтыр "Самұрық-Қазына" АҚ Air Astana әуе компаниясы 2024 жылы IPO шығуға дайын екенін мәлімдеген болатын.
"Самұрық-Қазына" қоры әуе компаниясы акцияларының 51%-іне ие. Қалған 49%-і – британиялық BAE Systems иелігінде.
Бұған дейін қор басшылығы еншілес компанияларды IPO-ға шығару жоспарын жария еткен еді. Жоспарға сәйкес,
2023-2024 жылдар – "Эйр Астана", КЕГОК, "Самұрық-Энерго" жасыл активтерінің портфелі (QazaqGreenPower plc жобалау компаниясы).
2024-2025 жылдар – Qazaqgaz
2025 жылы – "Қазақстан темір жолы" (ҚТЖ) компанияларының акциялары сатылымға шығу керек.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз