Жаңалықтар
Актер Леонардо Ди Каприо Қазақстан үкіметіне жүгінді
- авторjambylinfo.kz
- 25 желтоқсан, 2023
- 159
Актер Леонардо Ди Каприо Қазақстан үкіметіне жүгінді
Ол Қазақстан үкіметін киіктердің көбеюімен құттықтады - бұдан былай киіктер қазір жойылып кету қаупі бар жануарлар санатына жатпайды.
"Бұл бұрын-соңды болмаған жағдай Қазақстандағы ақбөкен популяциясының керемет сақталуын көрсетеді. 2005 жылы бұл түрдің саны небәрі 48 000 болды, ал қазір ол жабайы табиғатта 1,9 миллионнан асатын көрсеткішке жетті. Браконьерлікке қарсы күрес бастамаларына, құқықтық тәртіпті нығайтуға және жаңа қорғалатын аумақтарды құруға қомақты қаражат салған Қазақстан үкіметін құттықтаймыз. Олардың табиғатты қорғау ұйымдарымен, университеттермен және ғалымдармен ынтымақтастығы – бірлескен күш-жігердің арқасында қол жеткізілген табиғатты қорғау ісіндегі шынайы табыстың жарқын мысалы", - делінген Ди Каприоның Instagram-дағы ресми профилінде.Айта кетейік, Леонардо Ди Каприо 1998 жылы біздің планетамыздың тұрақты болашағын қамтамасыз етуге бағытталған ұйымдар мен бастамаларды қолдау үшін өз қорын құрған еді.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала