жексенбі, 29 желтоқсан, 2024 7:28

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қаланы ластаған тұрғын жауапқа тартылды

Қаланы ластаған тұрғын жауапқа тартылды
Тараз қаласы әкімдігі
Қала тазалығы – баршаға ортақ міндет. Өкінішке қарай, мұны түсінбейтін тұрғындар аз емес. Жуырда әлеуметтік желіде «Самал» ықшамауданы, 50-ші үйдің маңына қоқыс төгіп, қоршаған ортаға зиян тигізген тұрғынның видеосы тараған еді, -деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Бұл мәселе бойынша жергілікті полиция қызметкерлері іздеу жұмыстарын жүргізіп, қаланы ластап, қоршаған ортаға зиян тигізген тұрғынның жеке басын анықтады.

Нәтижесінде  ҚР ӘҚБтК 434-2 бабы 1 бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылып, қоқыс тастаған тұрғын жауапқа тартылған.

Естеріңізге сала кетейік,  Тараз қаласы аумағын абаттандыру және санитарлық тазалау жөніндегі көктемгі екі айлықтың жоспары мен кестесі (1 наурыздан 1 мамырға дейін) жарияланған болатын. Қаулы аясында көне шаһарда көктемгі санитарлық-тазалық жұмыстары жалғасуда.

«Жасыл ел – Тараз» жұмысшылары қала ішіндегі тұрмыстық қалдықтарды тазалап, тиісті орынға шығаруда және  қаланы көктемгі абаттандыру- көгалдандыру талабына сәйкес, гүл егуді қолға алынған.

Тахмина Әшірбай

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің 4 курс студенті

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар