Алаяқтар ата-аналардан баласының атын жамылып ақша сұраған
- авторСадуақас Айсұлу
- 14 қараша, 2024
- 491
Батыс Қазақстан облысында үш адамнан тұратын қылмыстық топ WhatsApp арқылы жалған ақпарат таратып, 17 адамды алдап, шамамен 10 миллион теңге зиян келтірген, деп хабарлайды Jambylinfo.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Батыс Қазақстан облысында полиция осындай жолмен ақша жымқырған үш жігіттен құралған қылмыстық топты ұстады.
Күдіктінің бірі WhatsApp-тағы педагогтердің чатына кіріп топтағы адамдардан ақша аударуды сұрап, жекесіне шыққан. Бұл ретте күдікті жәбірленушіге өзін оның баласы секілді таныстырып, телефоны сөніп қалғанын жеткізген.
Соған сенгендер банк картасының деректері мен кодын жіберген. Алаяқтар картадағы қаражатты дереу шешіп алған.
Қазір 17 факті бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Алданғандар арасында басқа өңірдің тұрғындары да бар екені анықталды.
Келесі жылы зейнетақы 213 046 теңге болады
Ұқсас жаңалықтар
Азия чемпионаты: Қазақстан қоржынына 3 алтын түсті
- авторСадуақас Айсұлу
- 11 желтоқсан, 2024