Жаңалықтар
Александр Лукашенко 7-ші рет Беларусь президенті болып сайланды
- авторjambylinfo.kz
- Бүгін, 09:11
- 89
Елді 1994 жылдан бері басқарып келе жатқан 70 жастағы саясаткер тағы да президенттік қызметін жалғастырады
Бұл туралы елдің Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Игорь Карпенко мәлімдеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Беларусь Республикасында кеше өткен президенттік сайлаудың алдын ала қорытындылары бойынша Александр Лукашенко 86,82% дауыс жинап, жеңіске жетті.
Осылайша, 30 жылға жуық елді басқарып келе жатқан Лукашенко 7-ші рет президенттік қызметке қайта сайланды. Ол алғаш рет 1994 жылы мемлекет басшысы болып сайланған болатын. Кейін 2001, 2006, 2010, 2015 және 2020 жылдары да саяси науқандарда жеңісін сақтап қалды. Қазіргі уақытта Александр Лукашенко 70 жаста.
Бақытжан Бекболат
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз