жұма, 5 желтоқсан, 2025 17:19

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Алматы қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Алматы қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына жаңа басшы тағайындалды
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының жаңа басшысы болып Марат Пашимов тағайындалды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

"Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалдының өкімімен 2025 жылғы 21 шілдеде қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметіне Марат Орымбасарұлы Пашимов тағайындалды", - делінген хабарламада.

Марат Пашимов 1981 жылы 4 қазанда дүниеге келген. Медицина ғылымдарының кандидаты.

Денсаулық сақтау саласында 2003 жылдан бері еңбек етіп келеді. Әр жылдары мейіргер, анестезиолог-дәрігер болып жұмыс істеген.

Сондай-ақ реанимация және телемедицина бөлімшесінің меңгерушісі, ұйымдастыру-әдістемелік жұмыс пен төтенше жағдайлар жөніндегі бас дәрігердің орынбасары қызметтерін атқарған. Қалалық емхананы, облыстық клиникалық аурухананы, қоғамдық денсаулық сақтау басқармасын басқарған.

2023 жылдан бастап Алматы қаласындағы "Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты" АҚ-ның басқарма төрағасы болған.

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар