Жаңалықтар
Алматы-Минск жаңа халықаралық бағыты іске қосылады
- авторСадуақас Айсұлу
- 10 шілде, 2025
- 653
Әуе қатынасының ашылуы екі ел арасындағы туристік, сауда-экономикалық және іскерлік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал ететін болады.
ҚР КМ Азаматтық авиация комитеті ұшу географиясын кеңейту және халықаралық рейстерді ұлғайту бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізуде, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Мәселен, ағымдағы жылдың 10 тамызынан бастап "SCAT" қазақстандық әуе компаниясы Алматы-Минск жаңа халықаралық бағыты бойынша аптасына 2 рейс жиілігімен (сәрсенбі және жексенбі) тікелей тұрақты жолаушылар рейстерін орындауды бастайды.
Қазіргі уақытта Минскіге рейстерді Астана қаласынан Беларусь «Белавиа» әуе компаниясы аптасына 4 рейс жиілігімен орындайды.
Осылайша, Қазақстан мен Беларусь арасындағы тұрақты жолаушылар рейстерінің жалпы саны аптасына 6 рейске дейін артады.
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Шығыс Қазақстанда өсімдік майын өндіретін ірі өндіріс орны іске қосылды
- авторСадуақас Айсұлу
- 13 желтоқсан, 2025
Жаңалықтар
Тәуелсіздік күніне орай ХҚО-лардың жұмыс кестесі өзгерді
- авторСадуақас Айсұлу
- 13 желтоқсан, 2025






