Жаңалықтар
Алматы облысында аңның орнына жылқы атқан экс-полицей тұрғындарды шошытты
- авторjambylinfo.kz
- 23 қыркүйек, 2021
- 203
Алматы облысында аңның орнына жылқы атқан экс-полицей тұрғындарды шошытты
"Экс-полицей аң орнына жылқы атып жүр". Осылай деп шағымданған Алматы облысының тұрғындары арам өлген адал малының ақысын кімнен өтерін білмей жүр
Үмбетәлі және Шолаққарғалы ауылындағы ағайынның айтуынша, әлдекімдер үйірде жүрген екі айғырды атып өлтірген. Тұрғындар болса ауыл шетіндегі өзен жағасында тұратын екі адамнан күдіктенеміз дейді. Себебі арасында ащы судан ұрттап алатын әлгі екеуі үнемі түн ортасында дүрсілдетіп мылтық ататын көрінеді. Бірақ оның біреуі бұрынғы полиция қызметкері болғандықтан, тәртіп сақшылары арызымызға аяқ асты қарайды деген жылқы иелері миллиондап шығынға ұшырадық деп отыр.
Үмбетәлі және Шолаққарғалы ауылының ортасындағы егістік басында жайрап жатқан қос жылқыны түн ішінде әлдекімдер атып өлтіріпті. Әдейі көздеген секілді бүйірден тиген бытыра аттарды сеспей қатырған. Ал адал ақы малынан айырылғандар "өзен жағасында тұратын екі адамнан күдіктенеміз" дейді. Талай рет олардың мылтық атып жүргенін көрген тұрғындар сол түні де дүрсілдеген дауыстан шошынып, маңайына жолай алмапты.
"Түнде бір, екі рет дүңкілдеп мылтық атылды. Өзім баруға қорықтым. Барып неге атасыңдар деп айтайын десем тілім де қысқа. Содан соң тығылып, өз жылқыларымды қарадым да жаттым. Сосын көрші ауылдың табыншысы айтады, ана жақта екі жылқы құлап жатыр деп. Барып қарасам, бытырамен атып тастапты", - дейді Үмбетәлі ауылының тұрғыны Шәкірт Шәріп.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Педагог категориясының өсуі жалақыға қаншалықты әсер етеді?
- авторjambylinfo.kz
- 24 қараша, 2024