сәрсенбі, 9 сәуір, 2025 20:11

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Алматы әуежайы мен Fly Arystan-ға қатысты тергеу жүріп жатыр

Алматы әуежайы мен Fly Arystan-ға қатысты тергеу жүріп жатыр
Фото: ИИДМ
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің мәліметінше, екі бөлек тергеу басталған.

Fly Arystan әуе компаниясы билет бағасын негізсіз көтерді деген күдікке ілінді. Монополияға қарсы орган ұсынған мониторинг нәтижелері бойынша заң бұзушылық белгілері анықталған, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Ал Алматы әуежай әкімшілігі қызмет көрсетуші компанияларды әділетсіз таңдады деген шағымдар түскен. Агенттік әуежайға бұған дейін ескерту жасағанымен, ол орындалмаған.

Болат Сәмбетовтің айтуынша, агенттікке тұтынушылардан FlyArystan әуе компаниясының қызмет сапасына қатысты көптеген шағымдар келіп түскен. Тиісінше ведомство тексеру жұмыстарын жүргізген. Бүгінде тергеу жұмыстары басталды. Егер  бағаларды қасақана көтерілгені анықталса, әуе компания билет айналымынан түскен қаражаттың 5%-ын айыппұл ретінде төлеуі тиіс болады. Бұдан өзге негізсіз қосылған сома  мемлекет есебіне тәркіленеді.

Нарыққа талдау жасай келе, біз компанияның монополиялық жоғары баға бекіткенін анықтадық. Тергеу аяқталған соң  компанияға қатысты тиісті шаралар қолданылады, – деді агенттік төрағасының орынбасары Сенат комитетінің кулуарында.

 

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар