бейсенбі, 26 наурыз, 2026 19:52

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Алматыда 18 жүк көлігін заңсыз тіркеген ХҚКО қызметкерлері сотталды

Алматыда 18 жүк көлігін заңсыз тіркеген ХҚКО қызметкерлері сотталды
Фото: gov4c.kz
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында мемлекетке келтірілген шығын толық көлемде өтелді.

Алматыда Арнайы ХҚКО қызметкерлері жүк көліктерін заңсыз тіркегені үшін сотталды, деп хабарлайды  Jambylinfo.kz қалалық прокуратураға сілтеме жасап

Ведомствоның мәліметінше, арнайы прокурорлар Алматы қаласының Арнайы ХҚКО қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтаған.

"Тергеу нәтижесінде 2023 жылы Арнайы ХҚКО-ның 5 қызметкері 18 жүк көлігін жалған құжаттар бойынша заңсыз тіркеп, олардың нақты шығарылған жылын бұрмалағаны анықталды. Құқыққа қарсы әрекеттердің нәтижесінде көлік құралдарын бастапқы тіркегені үшін алым ретінде көзделген 164 млн теңге мемлекеттік бюджетке толық түспеді.  Кешенді жүргізілген тергеу әрекеттері мен сот сараптамаларының нәтижесі айыпталушылардың құқыққа қарсы әрекеттерін толығымен растады", - делінген хабарламада.

Сот үкімімен сотталушылар кінәлі деп танылып, әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айырылған.

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар