Алматыда 9 жасар баланың тамағына дәріхана қоршауының темір істігі кіріп кеткен
- авторҚұралай Сейсенбекқызы
- 6 тамыз, 2024
- 986
Велосипед айдап бара жатып, байқаусызда балаға үшкір темірден жасалған шарбаққа құлап, денесінің бірнеше жерінен темір кіріп кеткен ,– деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
«Дер кезінде жеткен жедел жәрдем баланы Алматы балалар шұғыл медициналық көмек көрсету орталығының қабылдау бөліміне жеткізген. Баланың мойын аймағында ұзындығы 6 см жара болды, одан 4 см/10 см өлшемді бөгде зат-металл қоршау бөлігі шығып тұрды Балаға аралас жарақат деген диагноз қойылды. Жабық бас сүйек-ми жарақаты, мидың шайқалуы, трахея мен ауыз қуысының зақымдалуы мен мойын жарақатын алған. Төменгі жақтың артқы кортикальды пластинкасының оң жақ бұрыш аймағы сынған», – дейді дәрігерлер.
"Кәмелеттік жасқа толмаған баласына ата-анасы электросамокат немесе скутер сатып алып беретін болса, онда ата-аналары жауапқа тартылады. ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 127 бабына сәйкес орындалады. Тек қана жүргізу куәлігі бар азаматтар ғана басқаруға болады" деп мәлімдеді полиция өкілдері
Ұқсас жаңалықтар
«1 млн. 107 600 теңге»: Жамбылдық ұстаздар ақшалай сыйақыға ие болды
- авторjambylinfo.kz
- 20 желтоқсан, 2024