Алматыда ағаш цехынан өрт шықты
Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметі өртті сөндіруге 11 техника мен 30 адам жұмылдырылған

Өрт Алмалы ауданы Райымбек даңғылы, 348/3 мекенжайында болған.
«Өрт сөндірушілер 6 минутта келді. Ол кезде бір қабатты ағаш цехының (бояу бөлімі) төбесі ашық жалынмен жанып жатқаны анықталды. Өрттің таралуы жапсарлас орналасқан ғимараттың төбесіне қауіп төндірді. Өртті сөндіруге 11 техника, жеке құрамнан 30 адам жұмылдырылды. Қабылданған шаралардың арқасында өрт 16 минуттан кейін ауыздықталды», деп жазылған хабарламада.
Өрт сөндірушілер тауар-материалдық құндылықтарын өрттен аман алып қалған.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
Қариясы бар елдің, дариясы бар
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Үшаралдағы ұлы думан: бірлік пен дәстүр тоғысқан күн
- авторБақытжан Бекболат
- 27 наурыз, 2026
Жаңалықтар
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алу талабы қатаңдатылады
- авторСадуақас Айсұлу
- 26 наурыз, 2026





