Жаңалықтар
Алматыда ірі жол апатынан 3 адам зардап шекті
- авторАяжан Дәулетбекқызы
- 30 қараша, 2025
- 178
Бұл туралы Алматы қалалық Полиция департаменті хабарлады
Алматыда ірі жол апатынан 3 адам зардап шекті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметіне сүйенсек, Haval көлігінің жүргізушісі Рысқұлов даңғылы бойымен шығысқа қарай қозғалып, Сейфуллин даңғылымен қиылысты кесіп өткеннен кейін рөлге ие бола алмай қалған.
Нәтижесінде ол көршілес қатардағы Chery көлігіне соғылып, қарсы жолаққа шығып кетіп, батыс бағытта келе жатқан Audi және Hongqi автокөліктерімен соғысқан.
Haval жүргізушісі ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді. Audi көлігінің жүргізушісі мен Hongqi жолаушысы облыстық ауруханаға жатқызылды.
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Жеке клиникада МӘМС бойынша медициналық қызметтерді қалай алуға болады?
- авторСадуақас Айсұлу
- 5 желтоқсан, 2025
Жаңалықтар
Бас прокурор: "Азаматтардың құқығын қорғау – басты назарда"
- авторСадуақас Айсұлу
- 5 желтоқсан, 2025






