Жаңалықтар
Алматыда Орталық Азиядағы тұңғыш Балалар ғылыми музейі ашылады
- авторСадуақас Айсұлу
- 19 маусым, 2025
- 765
Жоба Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында іске асырылып жатыр.
Алматыда балаларға арналған тұңғыш ғылыми музейдің құрылысы басталды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Бұл Орталық Азиядағы тұңғыш интерактивті ғылыми кеңістік болмақ. Музей STEM бағытында (ғылым, технология, инженерия, математика) балалардың қызығушылығын оятуға, зерттеушілік қабілетін дамытуға арналған.
Қала әкімдігінің мәліметінше жоба Сингапур Ғылым орталығы және Kingsmen Exhibit компаниясымен бірлесіп жүзеге асырылып жатыр.
Айта кетейік, музей 2026 жылы ашылады.
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Үшаралдағы ұлы думан: бірлік пен дәстүр тоғысқан күн
- авторБақытжан Бекболат
- 27 наурыз, 2026
Жаңалықтар
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алу талабы қатаңдатылады
- авторСадуақас Айсұлу
- 26 наурыз, 2026





