сәрсенбі, 27 қараша, 2024 5:44

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Алматыда өрттің 12 пайызы пиротехника өнімдерінен шығады

Алматыда өрттің 12 пайызы пиротехника өнімдерінен шығады
ашық дереккөзі
Алматыда өрттің 12 пайызы пиротехника өнімдерінен шығады
Алматыда шығатын өрттердің 12% пиротехникалық бұйымдарды пайдаланудан туындайды. Бұл туралы онлайн брифинг барысында Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаментінің мемлекеттік өртті бақылау басқармасының басшысы Александр Рау мәлімдеді «Өртті бақылау басқармасының басшысының айтуынша, жыл сайын Алматы қаласында 31 желтоқсан - 5 қаңтар аралығында орта есеппен 16 өрт оқиғасы тіркеледі. Мәлімет үшін айтайын, соңғы 6 жылда қалада 80 өрт оқиғасы болды. 2020 жылы 13 өрт, 2021 жылы 25 өрт шықты», - деді Александр Рау. Сондай-ақ, басқарма басшысы пиротехникалық бұйымдардың қауіптілігі туралы айтты. «Пиротехникалық бұйымдар өрт қауіпті және жарылыс қауіпті болып екіге бөлінеді. Пиротехникалық бұйымдар тұрмыстық және техникалық қолдануға арналады. Ал тұрмыстық қолдану үшін қауіптіліктің бірінші, екінші, үшінші классындағы бұйымдарға ғана рұқсат беріледі. Ол туралы қаптамасында міндетті түрде көрсетілуі керек. Сонымен қатар, қаптамада өндірушінің ескертуі, атауы, орналасқан жері, бұйымға сәйкес дайындалған стандарты, жарамдылық мерзімінің аяқталу күні, қауіпті факторлар, қолдану шарттарының шектеулері, қауіпсіз сақтау және кәдеге жарату жөніндегі талаптары көрсетіледі, барлық жазулар мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылуы тиіс. Пиротехникалық бұйымдарда сәйкестік сертификаты және сәйкестік декларациясы болуға міндетті. Аталған құжаттардың қолданылу мерзімі үш жылды құрайды», -деді ол. Ал пиротехникалық бұйымдарды кез келген мақсаттағы ғимараттарда, үй-жайларда және құрылыстарда қолдануға үзілді-кесілді тыйым салынады. «Жарылыс қаупі бар, өрт қаупі бар объектілердің аумақтарында, жоғары вольтты электр беру желілерінде, шатырларда, жабындарда, балкондарда, лоджаларда және ғимарат қасбеттерінің шығып тұрған бөліктерінде, тарих және мәдениет ескерткіштерінде, сондай-ақ, пиротехникалық бұйымды оның қауіпсіз жағдайының талаптарына жауап бермейтін ауа райы жағдайында, жас шектеулері бойынша сәйкес келмейтіндерге пайдалануға тыйым салынады», - деді Александр Рау.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар