бейсенбі, 13 маусым, 2024 20:00

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Алматыда түнде төрт рет жер сілкінді

Алматыда түнде төрт рет жер сілкінді
ашық дереккөзі
Алматыда түнде төрт рет жер сілкінді
26 қаңтар күні түнде Алматы маңында төрт рет жер сілкінді, деп хабарлайды jambylinfo.kz қаланың ТЖД мәліметіне сілтеме жасай отырып. Жер сілкінісінің эпиорталығы Қытай аумағында болған. Оның дүмпулері Алматы мен Талғарда 2 балдық деңгейде сезілген. Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары сейсмологтардың мәліметіне сүйене отырып, 23 қаңтар күні Қытай мен Қырғызстанның шекарасында тіркелген жер сілкінісінің артынан Алматыда осындай бірнеше афтершок болатынын айтады. Дегенмен, осындай дүмпулердің нақты қашан тоқтайтыны әлі белгісіз. Естеріңізге сала кетейік, 22 қаңтардан 23 қаңтарға қараған түні Алматы қаласында 6,2 балдық жер сілкінісі тіркелген. Құлаған ғимараттар жоқ, алайда, қала тұрғындары үрейленіп, түні бойы көз ілмеген. Ғимараттар қатты сілкінген кезде үш адам терезеден секіріп, жарақат алған. Тағы қырыққа жуық адам әртүрлі себептермен ауруханаға жүгінген.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар